Қазақтың біртуар қаламгерлерін әлемге танытудың жолын бұған дейін депутат Алдан Смайылдың дүркін-дүркін көтергені есте. Парламент Мәжілісінің депутаты жаңа қызметтегі вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа кезекті рет сауал жолдап, көркем аударма мәселесіне көңіл бөлуді тағы сұрады, - деп жазады "Алаш айнасы".

Депутат Алдан Смайылдың айтуынша, қазақтың Абайын, Мағжанын испанша, французша аударатын болса, дүниежүзін таңғалдыруға болады. "Алайда осы мәселеге терең үңіліп, түбірін түйсінген ешбір шенеунікті көрген емеспіз", - дейді ол.
Оның айтуынша, шығармалары халықаралық беделді тілдерге аударылған қазақ қаламгерлері саусақпен санарлық және сол туындылардың аудармасын тамаша деп ешкім айта алмайды. "Өйткені бізде ағылшын, испан, француз, неміс, қытай секілді өтімді тілдерде көркем аударма жасайтын кәсіби аудармашылар болған емес және қазір де жоқ", - дейді депутат.
Сонымен қатар, Алдан Смайыл аудармашыларды даярлауға ынталы болып отырған мемлекеттік құрылымдардың жоқ екенін мәлімдеді. "Сондықтан да, Сізден, құрметті Бердібек Мәшбекұлы, осы талабымызды, яғни Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінен көркем аударма бөлімін ашу жөніндегі ұсынысымызды қолдауды сұрай отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктерінің жанынан "Қазақ әдебиеті кітапханасын" ашуға ықпал етуіңізді өтінеміз (...)", - деді Алдан Смайыл.
Оның айтуынша, ұлт беделіне байланған мұндай мәселені түрлі сылтаумен соза беруге болмайды.