Филолог ғалым Сұлтан Оразалы дүниеден озды

viewings icon 1475 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сұлтан Оразалин. © adebiportal.kz Сұлтан Оразалин. © adebiportal.kz

Филолог ғалым Сұлтан Оразалы дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Филолог ғалым Сұлтан Оразалы дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымның қазасын ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева естіртті. 

"Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды. Алаштың ардақтысы, тіл жанашыры, белгілі филолог-ғалым, қазақ радиосы мен телевизиясына ерекше еңбегі сіңген асыл ағамыз Сұлтан Оразалин дүние салды. Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, туған тілінің тұғырын, ұлтының ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығармашылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті. Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жаңа елдің игілігіне қызметке келіп, жас мемлекеттің ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кіріскен Сұлтан ағамыз жылдар өте Үкімет пен Президент жанындағы түрлі алқалардың айнымас мүшесі, ақылман абызына айналды. Отандық тіл саясаты, өнер мен мәдениет мәселелеріне қатысты құнды ғылыми ізденістері мен кесек ойлы шығармалары өскелең ұрпақтың ілім-біліміне қосылған үлкен мирас еді. 
Амал қанша… ажалға араша жоқ. Десе де, ұлы тұлғаның осынау ұлық жолы мен өнегесі оның өмірінің рухани жалғасы боп мәңгілікке ел есінде қалады. Жатқан жеріңіз жарық, иманыңыз берік, топырағыңыз торқа болсын, асыл аға!", - деп жазды Балаева Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, министр қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтты.

Сұлтан Оразалин - отандық телеарналар мен радиоларда бас редактор болып жұмыс істеген. Теледидарда эфирге шыққан жүздеген әдеби сценарийлер мен телевизиялық пьесалар жазды.

Сұлтан Оразалин қазақ мәдениетінің дамуына, әсіресе, бірыңғай мемлекеттік тіл саясатының моделін қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты, дейді Qazaq TV журналистері.

Сұлтан Шәріпұлы 1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аягөз қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің) филология факултетін үздік бітіріген.

1969 жылы Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, бас редактор қызметін атқарды. Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, он бес жылдан астам басқарды. Осы жылдарда оның қаламынан жүздеген әдеби телесценарийлер мен телепьесалар туы, көгілдір кранда қойылды. Олардың ішінде "Сұхбат", "Қымызхана", "Кездесу", "Шұғыла", "Айтыс", "Халық қазынасы" т.б. хабарлар циклы мен "Кек", "Отырар ойраны", "Өлім фабрикасы", "Қашқын" т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды.

Ш. Айтматов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлин, Т. Ахтанов, С. Беғалин т.б. туралы "Сұхбат" сериясынан көрсетілген бейнефильмдері - қазақ телевидениясының алтың қорына қосылған үздік шығармалар. Бүл күнде кеңінен танымал "Айтыс" хабарын ол тұңғыш рет ұйымдастырып, көпжылдық бағдарламасын жасады, алғашқы хабарды өзі эфирде жүргізді. Оразалы ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнер т.б. қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихатталуына зор үлес қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 1
Комментарии проходят модерацию редакцией
Т
Терпеливый reference

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю