01 тамыз 2016 10:11

Гарри Поттер туралы сегізінші кітап сатылымға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pottermore.com © pottermore.com

Хогвартс сиқыршысы Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді, - деп хабарлайды көптеген шетелдік БАҚ, соның ішінде The New Paper, The Independent, Telegraph. Сатылымдар дүние жүзі бойынша түн ортасында басталды.


Хогвартс сиқыршысы Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді, - деп хабарлайды көптеген шетелдік БАҚ, соның ішінде The New Paper, The Independent, Telegraph. Сатылымдар дүние жүзі бойынша түн ортасында басталды.

"Гарри Поттер және қарғыс атқан бала" жаңа кітабы әзірше тек ағылшын тілінде шықты. Оның желісі "Гарри Поттер және ажал сыйлары" атты жетінші кітабында болған оқиғалардан кейін 19 жыл өткенде суреттеледі.

Кітап салтанатты түрде Лондон, Эдинбург және Манчестер қалаларында таныстырылды. Waterstones ағылшын кітап дүкендер желісінің 140 дүкенінде осы таныстырылымның жаңа бөлімінің шығуына байланысты түнде арнайы костюммен сауық кештері өтті.

Ресейлік көптеген БАҚ-тың мәліметі бойынша, " Мәскеу кітап үйінде" ағылшын тілінде шыққан кітап тамыз айының бірінде шығады. Ресейде кітап құны - 1,7 мың рубль (шамамен 9 мың теңге). Гарри Поттер жайлы жаңа кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы осы жылдың қараша айында шығады деп күтілуде.

Лондонның Palace театрының сахнасында "Гарри Поттер және қарғысқа ұшыраған бала" атты спектаклінің премьерасы өтті. Роулинг жазған кітапқа ағылшын драматургі Джек Торн сценарий жазған, ал режиссері ретінде Джонн Тиффани болған. Қойылым екі бөлімнен тұрған және бес сағатқа созылған.

Кітаптың шығуы Гарри Поттер туралы кітаптың авторы Джоан Роулингтің туған күніне орай ұйымдастырылған. 31 шілдеде ол 51 жасқа толды. Сондай-ақ, басты кейіпкер Гарри Поттердің де туған күні 31 шілдеде. Романға сәйкес, ол 36 жаста. Еске салайық, жас сиқыршы туралы ең бірінші кітап "Гарри Поттер және философиялық тас" деп аталады, ол 1997 жылы жарық көрген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети