15 ақпан 2021 15:30

"Ғашықтар жыры", "Бозжорға" әндерінің сөзін жазған Шөмішбай Сариев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі malim.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақын қазасы туралы толығырақ мәлімет әзірше жоқ.

Шөмішбай Сариев - 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық "Ленин туы" және Арал аудандық "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970-1974 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы "Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері" атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. "XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография жазған.

"Ғашықтар жыры", "Бозжорға" атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску және тағы да басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған. Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003). "Тарлан" сыйлығының иегері (2004). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети