Жапон жазушысы Харуки Мураками әдебиет бойынша балама Нобель сыйлығынан үміткерлер қатарына енуден бас тартты, - деп хабарлайды Швецияның Жаңа академиясы Facebook желісінде. Бұл жаңа сыйлықты осы ұйым бекіткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жазушы Швецияның Жаңа академиясына электрондық хат жолдаған, онда ол сыйлыққа үміткерлер тізімінен шығаруды өтініп, бар уақытын шығармашылығына арнағысы келетінін жазған. Дегенмен ол Жаңа академияға сәттілік тілеп, үміткерлікке қосқаны үшін алғыс білдірген.
Швецияның жаңа академиясы өз тарапынан Муракамидің сыйлыққа үміткерлер қатарынан шығу шешіміне өкініш білдіретінін, алайда таңдауын құрметтейтінін жазды.
Жаңа академияның сыйлығына әлемнен 32 мыңнан аса адам дауыс беріп, номинанттар тізімі құрылған. Академия мәліметінше, Мураками төрт номинанттың бірі болған. Онымен қатар, канадалық жазушы Ким Тьюти, ағылшын фантаст-жазушысы Нил Гейман және француз жазушысы Мариз Конде үміткер атанған.
Харуки Мураками - жапонның танымал жазушысы. Оның кітаптары сатылымға шығар алдында құпия сақталып, кейін миллиондаған данамен шығады. Жазушының оқырмандары жыл сайын Нобель сыйлығының иегерлерін жариялау кезінде жиналып, өз сүйікті жазушысының тілеуін тілейді, алайда көп жылдан бері бұл сыйлық басқа қаламгерлерге бұйырып жүр.