02 сәуір 2015 | 14:16

Италияда Назарбаевтың "G-global: XXI ғасыр әлемі" кітабының тұсауы кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Италияда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "G-global: XXI ғасыр әлемі" кітабының тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының кітабын Қазақстан елшілігі Италиядағы ірі "Гордиев Узел" ғылыми-зерттеу орталығының көмегімен аударып, итальян тілінде басып шығарды.


Иконка комментария блок соц сети

Италияда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "G-global: XXI ғасыр әлемі" кітабының тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының кітабын Қазақстан елшілігі Италиядағы ірі "Гордиев Узел" ғылыми-зерттеу орталығының көмегімен аударып, итальян тілінде басып шығарды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тұсаукесер Италия Парламенті залдарының бірінде итальяндық депутаттардың Серджио Дивина, Стефано Лучиди, Джакомо Стукки, дипломатиялық корпус, Италияның қоғамдық орта және сарапшылар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

"Іс-шараға қатысушылар "G-global" қазақстандық бастамамен және кітапта баяндалған негізгі қағидаттарымен таныстырылды. Тұсаукесер барысында Қазақстанның Италиядағы Елшісі Елемесов қатысушыларға Қазақстанның халықаралық бастамалары, Қазақстан Президентінің "Нұрлы жол" Жолдауы, АТОМ жобасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және "EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге әзірлік туралы ақпарат берді. Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының соңғы съезінде ұсынған негізгі институционалды реформаларына ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, Назарбаевтың кітабы мен "G-Global" идеясы тұсаукесерге қатысушылар тарапынан едәуір қызығушылық тудырып, оң пікірлерге ие болды. Атап айтқанда, Италия Сенатының өкілі Серджио Дивина Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы қазіргі заманның жаһандық мәселелеріне арналған деп атап өтті. Осы орайда Қазақстан қалыптасқан серпінді мемлекет ретінде ХХІ ғасырдағы нәтижелі әлемдік құрылымның өз бейнесін қалыптастырды.

"Итальяндық сарапшылар Андреа Марчильяно және Аугусто Гранди Қазақстан Республикасы Орта Азия секілді сезімтал әрі геосаяси маңызды өңірде орналасып, дамудың елеулі нәтижелерін көрсетеді, ал Президент Назарбаев "G-global: XXI ғасыр әлемі" кітабында Қазақстанның көп үміт күттіретін болашағын одан әрі дамыуында нақтылы және айқын мақсаттарды қояды деп атап өтті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети