Жазушы Қоғабай Сәрсекеев қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қоғабай Сәрсекеев Қоғабай Сәрсекеев

Жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсекеев 75 шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсекеев 75 шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық телеарнасы. 

Жазушы 1939 жылы қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.

Ол 1963 - 1967 жылдары "Қазақстан пионері", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде әдеби қызметкер, 1967 - 1982 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983 - 1986 жылдары "Кітап жаршысы" ("Друг читателя") газетінің редакторы болды, 1986-1990 жылдары "Жалын" баспасында бас редактор, республикалық "Қазақкітап" бірлестігінің бас редакторы, Кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған.

Повестер мен әңгімелерден тұратын "Кілт" (1967), "Қараша қаздар" (1974) деген жинақтары жарық көрді. "Қол мерген", "Кестелі орамал", "Ыбырай Алтынсарин", "Мұңлық-Зарлық", "Фатима", "Ашудас", "Сарбаздар", т.б. пьесалары республикалық театрларда қойылды. Сәрсекеев - "Қызыл жалау", (1979), "Заманақыр" (1983) тарихи романдарының авторы. 

Бірқатар шығармасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Қоғабай Сәрсекеев - Халықараралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Францияның Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының (SPI) алтын медалі мен Халықараралық ақпараттандыру академиясының алтын медалінің иегері.

Өмірінің соңына дейін "Қазақ" газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салды.

Марқұммен қоштасу сәрсенбі - 19 қарашада Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro