Жүсіпбек Аймауытов Ваганьково зиратында жерленген болуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жүсіпбек Аймауытов. ©Аdiletgazeti.kz Жүсіпбек Аймауытов. ©Аdiletgazeti.kz

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов Мәскеудегі Ваганьково зиратындағы ортақ қабірге жерленуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов Мәскеудегі Ваганьково зиратындағы ортақ қабірге жерленуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің Павлодардың мұрағат қызметкерлеріне қайтарған жауабында айтылады.

Әкімдіктің мәліметінше, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері беймәлім болып келді. "РФ ФҚҚ-ның ресми жауабына қарағанда, ол мемлекеттік саясат бөлімі алқасының шешімімен ең жоғары жазаға кесілген, ол 1930 жылдың 21 сәуірінде орындалған. Осы хатта Жүсіпбек Аймауытовтың Мәскеудегі Ваганьково зиратында ортақ қабірге жерленді деуге негіз бар екені көрсетіледі", - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов. "Мұрағат құжаттарында атақты қазақ классигінің қуғын-сүргінге ұшырағаны және 1930 жылы атылғаны айтылады. Ал сүйегінің қай жерде жатқанын ешкім ешқашан анықтаған емес", - дейді ол.

2014 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толғанын айта кету керек. Алдағы күзде Павлодардағы Аймауытов атындағы драма театрдың алдында оның ескерткіші қойылады. Сонымен бірге, Асқар Жалдинов дарынды жазушының жерленген жеріне құлыптас орнатылатынын хабарлады. "Қазір бұл мәселе Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен бірге қарастырылып жатыр, бұл жұмысқа Мәскеудегі қазақтар қоғамдастығын да жұмылдырамыз", - дейді Жалдинов. Павлодар облысының әкімдігі драматургтың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері үшін Аймауытовтың басына сапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro