Жүсіпбек Аймауытовтың қабіріне туған жерінің топырағы жеткізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жүсіпбек Аймауытов. ©knigo.info Жүсіпбек Аймауытов. ©knigo.info

Мәскеудегі Жүсіпбек Аймауытовтың қабіріне туған жерінің топырағы жеткізледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Топырақ салынған капсуланы жазушының туыстары Ваганьковск зиратына алып барады. Соңғы мәліметтер бойынша, дәл осы жерде репрессияға ұшыраған Жүсіпбек Аймауытов жерленген. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеудегі Жүсіпбек Аймауытовтың қабіріне туған жерінің топырағы жеткізледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Топырақ салынған капсуланы жазушының туыстары Ваганьковск зиратына алып барады. Соңғы мәліметтер бойынша, дәл осы жерде репрессияға ұшыраған Жүсіпбек Аймауытов жерленген. 

"Жуық арадаға жазуышының туыстары Жүсіпбек Аймауытов жерленген зиратқа жазушының туған жерінің топырағын алып барады. Ал ол жақтағы зираттан туыстары бір уыс топырақ алып Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жуантөбе ауылына алып келеді", - дейді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов. 

Оның айтуына қарағанда, қазақ әдебиті классигінің мерейтойы Павлодар облысында қыркүйек айының екінші жартысында тойлана бастайды. Аймауытовтың 125-жылдығына орай Павлодарда Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ драма театрының алдында ескерткіш орнатылады. Осы жерде жазушының шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Одан кейін мерейтой Аймауытовтың туған жерінде жалғасады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, павлодарлық зерттеушілер репрессияға ұшыраған қазақстандық жазушы Жүсіпбек Аймауытов Ваганьковск зиратында жерленгенін анықтаған. Мұндай мәліметтерді Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің архивы берген. Кейіннен жазушы жерленген жерге естелік тақта орнату туралы ұсыныс түскен. 

Айта кетейік, Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Бірақ осы күнге дейін жазушының қайда жерленгені белгісіз болып келді. Оның дәл қай жерде жерленгенін анықтау үшін павлодарлық зерттеушілер Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметіне жүгінген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro