09 қазан 2015 12:12

Қазақстандық ақын "Русский Гулливер" сыйлығы үміткерлерінің қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© literratura.org © literratura.org

Қазақстандық ақын Заир Асим халықаралық "Русский Гулливер" әдебиет жүлдесінің үміткерлері қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жобаның сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық ақын Заир Асим халықаралық "Русский Гулливер" әдебиет жүлдесінің үміткерлері қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жобаның сайтына сілтеме жасап.

"Русский Гулливер" жүлдесі халықаралық сыйлық ретінде құрылған, ол орыс тілінде жазатын авторларға беріледі және 2014 жылдан бастап өткізіле бастады. Сыйлықтың құрылтайшысы - Заманауи әдебиет орталығы, "Русский Гулливер" баспа жобасы мен "Гвидеон" мультимедиялық журналы. 

2015 жылы жұмыстар екі категория бойынша қабылданды - "Қысқа әңгіме" мен "Ақын прозасы". Қазақстандық ақын Заир Асим "Барселона" шығармасымен "Ақын прозасы" бойынша сыйлықтың лонг парақшасына енді.

Айта кетейік, Заир Асим "Осиротевший крик сирени" өлеңдер жинағының, "Письма в никуда" проза кітабының авторы. Оның шығармалары 2011 және 2012 жылдары Ресейдің үздік өлеңдер антологиясына кірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети