09 тамыз 2016 | 08:06

Кенесары ханның ұрпағы Назарбаев пен Путиннен көмек сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Ақтөбе-Таймс" газеті © "Ақтөбе-Таймс" газеті

Өзін Кенесары ханның ұрпағымын деп атаған ақтөбелік тұрғын Радул Сидахметов Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге қазақтың соңғы ханының басын өз жерінде жерлеуді сұрап, хат дайындап жатыр. Бұл туралы "Ақтөбе-Таймс" газеті жазады.


Иконка комментария блок соц сети

Өзін Кенесары ханның ұрпағымын деп атаған ақтөбелік тұрғын Радул Сидахметов Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге қазақтың соңғы ханының басын өз жерінде жерлеуді сұрап, хат дайындап жатыр. Бұл туралы "Ақтөбе-Таймс" газеті жазады.

"Мен Кенесары ханның ұрпағымын, немересімін. Тоғыз жасымда менің атам әжемнің Кенесары ханның немересі екенін айтқан болатын. Яғни мен Нағима Жұмақұлваның немересімін, ол қазақтың ұлы ханының шөбересі. 1949 жылы Кенесары есімін атаудың өзі саяси қауіпті болатын. Ханның қаны менің бойымда екенін дәлелдейтін ешқандай да құжат дәлелдерім жоқ", - дейді Сидахметов.

"Кенесары қазақтардың бірігуі жолында күрескен және Ресейдің патша саясатына қарсы шыққан адам. 1847 жылы сатқындар ханды өлтіріп, оның басын Ресей империясының патшасына бағынатынын білдіретін белгісі ретінде берген. Олар - Ұлы жүздің қазақтары және олармен көршілес қырғыздар. Мен Ресей президентіне Кенесары ханның басын Қазақстанға беріп, оның шөбересі Жұмақұлова Нағиманың жатқан жерінің маңына көмілуіне қолғабыс етуін сұраймын, Нағыма менің әкем Жұмақұлова менің әкемнің анасы, менің әжем", - деді сұхбаттасушы. 

"Ақтөбе-Таймс" газетінің мәліметінше, Радул Сидахметов 84 жаста. 1968 жылы ол Мәскеу авиация институтын тәмамдаған. Н.Е.Жуков атындағы Авиациялық мемлекеттік институтта жұмыс істеген. 76 жасында зейнетке шыққан. Бір жыл бүрын Ресейден Қазақстанға көшіп келіпті. "Сатира Авиаградская" кітабының авторы. 

Айта кетейік, орта жүздің ханы Кенесары Қасымовтың мүрдесін ғалымдардың іздестіріп жатқанына көп жыл өтті. Кейбір мәліметтер бойынша, Кенесарының басы Эрмитаж Кунсткамерасының архивінде екен. Алайда ешқашан көрсетілметі. Тағы бір мәліметтер бойынша, оның басын Ресейдің Мемлекеттік күзетінің қорынан іздеу керек. "Алаш" рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлының пікірінше, 1917 жылдағы көтерлістен 1930-жылдарға дейін хан Кененің басы Омбы территориясынан шығарылмаған. 

Ал бірнеше жыл бұрын Қазақстанда "Кенесары ханды қайтарамыз!" қозғалысы пайда болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети