Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсаукесері өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсаукесері өтті Роберт Уайттың «Жоғалған хандар және жазық дала. Қазақстанның ежелден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы» атты кітабы

Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсау кесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсау кесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Лондон қаласында Роберт Уайттың "Жоғалған хандар және жазық дала. Қазақстанның ежелден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы" деп аталатын кітабының тұсауы кесілді. Кітап авторы Алматыдағы банк секторында үш жылдан астам уақыт қызмет еткен. Сол жылдары ол уақытын Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнады. Уайт еліне оралған бойда британдық аудиторияға Орталық Азиядағы ең маңызды елдің тарихы туралы баяндап беру керек деп шешті", - делінген хабарламада.

"Кітап авторы әскерилер мен империялардың, рулар мен хандықтардың пайда болуы мен жойылуы, сол замандардағы тарихи процесстер Қазақстанды көшпенділіктен отырықшы елге қалай айналдырғаны, қазіргідей мемлекеттің қалыптасуына қаншалықты ықпал еткені туралы және Қазақстан әлемнің посткоммунистік елдерінің ішіндегі жетістікке жеткен елдердің біріне қалай айналғандығы жөнінде баяндаған", - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұл тұсау кесер британдық сарапшылар арасында қызығушылық тудырған. Олардың пікірінше, Қазақстанның мемлекеттік құрылымы сала мамандарын айтпағанда, қарапайым британдықтарды да қызықтырған.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети