08 мамыр 2014 20:15

Олжас Сүлейменов "Сөз коды" атты жаңа кітабын таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Сүлейменов "Сөз коды" атты жаңа кітабын таныстырды. ©Әлішер Ахметов. Олжас Сүлейменов "Сөз коды" атты жаңа кітабын таныстырды. ©Әлішер Ахметов.

Алматыдағы "Ғылым ордасында" ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің "Сөз коды" атты жаңа кітабы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кітап Сүлейменовтің "Тысяча и одно слово" этимологиялық сөздігінің алғысөзі іспетті. 


Алматыдағы "Ғылым ордасында" ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің "Сөз коды" атты жаңа кітабы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кітап Сүлейменовтің "Тысяча и одно слово" этимологиялық сөздігінің алғысөзі іспетті. 

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа ғылыми еңбектің "Аз и Я" сияқты нәтижеге қол жеткізетініне сенім білдірді. "Бұл кітаптың оның 1975 жылы алғашқы кітабы - "Аз и Я"-ны таныстырған Ғылым академиясында жария етілуінің символдық мәні бар деп ойлаймын", - деді министр. 

"Сөз коды" - этимологияның пәрменді әдісін баяндау, яғни менің 50 жыл бойғы зерделеуім бойынша сөздердің шығу төркінін анықтау", - деді Олжас Сүлейменов. Ол арнайы сайттың көмегімен студенттерді осы салаға мамандандыруды жоспарлап отырғанын айтты. 

Ғалымдар жаңа еңбек жөнінде өз ойларымен бөлісті. Көпшілігінің айтуынша, кітаптың өзекті қоғамдық-саяси мәні бар және оқырманға тарих пен тілдердің шығуы туралы жақсы мағлұмат береді. "Литературный альянс" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Әуелбек Тоқжанов этимологиялық сөздігін толықтырғысы келетіндерді жазушының сайтына кіруге шақырды. "Біз этимологиялық сөздіктің кіріспесін орыс, қазақ, ағылшын және француз тілдеріне аудардық. Осы тілдердің кез келгені арқылы бұл кітаппен танысуға болады. Мақсат - әлем тілдері сөздігін құру. Кітап төрт тілде интерактивті режимде жұмыс істейтін болады. Біз әлемдік аудиториядан кері байланысқа қол жеткізгіміз келеді", - деді Тоқжанов.

Айта кетейік, бұл порталдан "Сөз коды" кітабының толық нұсқасын жүктеп алуға да болады. Бұл сайтта Сүлейменовтің жаңа алғысөз жазылған "Аз и Я" кітабы да бар. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети