09 сәуір 2016 10:59

Олжас Сүлейменов Түркияда құрметті доктор атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olzhas1001.com © olzhas1001.com

Белгілі ақын, қоғам қайраткері, "Мәдениет" қорының президенті Олжас Сүлейменовке мәдениетаралық диалогтың дамуына, халықтар арасындағы достықтың күшеюі мен түркология саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін Түркияның Эрзурум қаласындағы Ататүрік университетінің "Құрметті докторы" атағы берілді, - деп хабарлады "24.kz" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, салтанатты шара ақынның 80 жылдық мерейтойына орайластырылды. Жиынға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Эрзурум губернаторы Ахмет Алтыпармақ пен Түркияның қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Ақпарат құралының хабарлауынша, Олжас Сүлейменов Түркия премьер-министрінің бірінші орынбасары Тұғрыл Түркешпен кездесті. Басқосуда Олжас Сүлейменов адамзат өркениетіне түркі халықтарының қосқан үлесі жайлы ой қозғап, "Невада-Семей" қозғалысының 25 жылдығына орай шығарылған, мерейтойлық төсбелгіні табыстады. Ал ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымында ақынның түркітілдес халықтардың тіліне аударылған өлең жинағы көпшілікке таныстырылды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркияның ең ірі жоғары оқу орындарының бірі саналатын Ататүрік университетінде 72 мыңға жуық студент 23 факультетте білім алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети