13 сәуір 2014 | 14:02

Павлодарлықтар Дөнентаев бейітінің қараусыз жатқанына алаңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Павлодар тұрғындары ақын Сәбит Дөнентаевтың Семейдегі бейітінің жағдайына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар тұрғындары ақын Сәбит Дөнентаевтың Семейдегі бейітінің жағдайына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы аптада Семейде ақынның 120 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы өтті. Шараға Павлодар облысындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы директорының орынбасары Мағзия Жүнісова қатысып, Дөнентаевтың Семейдегі бейітінің күтім көрмей тұрғанына алаңдаушылық білдірді. 

"Сәбит Дөнентаевтың 120 жылдығы тойланатын жылы біз оның моласының күтімсіз жатқанын азалы түрде әрі үлкен өкінішпен айтқымыз келеді. Бір қаланың шеңберінде бұл мәселені шешу күрделі шығар, сол себепті біз ол туралы Павлодарда да мәселе көтеріп отырмыз. Біз ұлы ақынның бейіті лайықты деңгейде болуы керек деп есептейміз. Менің ойымша, бұл - Семей тұрғындарының ғана емес, жалпы қазақстандықтардың борышы", - деді Жүнісова. Оның айтуынша, сәуір айының соңында Павлодарда көрнекті ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді, сонда ақынның Семейдегі бейітінің аумағын көріктендіру жайы тағы сөз болады.

Дөнентаевтың бейіті Семейдің ортасындағы ескі зиратта. Қорым қараусыз қалған, ақын моласының маңы күл-қоқысқа толып жатыр. Ақын 1894 жылы сол кездегі Павлодар уезінің Ақсу болысында туған. 1910 жылы ауыл медресесінен және Павлодардағы жаңа әдісті мектептен сауат ашқан ол кейін Семейге барып, мұғалімдер семинариясында білім алады. 1923 жылдан бастап, "Қазақ тілі" газетінде жұмыс істейді, латын әліпбиіне көшу, қазақ әйелдерінің теңдігі мәселелерін өзінің азаматтық-шығармашылық көзқарасына арқау етеді. 1933 жылдың 23 мамырында Семейде қайтыс болады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети