Президент Әбіш Кекілбаев музейінің құрылысын аяқтауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Әбіш Кекілбаев музейінің құрылысын аяқтауды тапсырды Әбіш Кекілбаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау әкіміне Әбіш Кекілбаев музейінің құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау әкіміне Әбіш Кекілбаев музейінің құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі - заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев. Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапарымен барған болатын. Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің айтуынша, сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети