Қазақстанда кітаптың бағасы көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кітаптың бағасы көтеріледі © gradhacker.org

Қазақстанда келесі жылдан бастап кітаптың бағасы 40 пайызға көтеріледі, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы. Өткен жылды қорытындылаған баспагерлердің пікірінше, елде кітап басып шығарғаннан гөрі, шетелден дайын өнім алған тиімдірек.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда келесі жылдан бастап кітаптың бағасы 40 пайызға көтеріледі, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы. Өткен жылды қорытындылаған баспагерлердің пікірінше, елде кітап басып шығарғаннан гөрі, шетелден дайын өнім алған тиімдірек.

Ақпарат құралының мәліметінше, доллардың қымбаттауы кітап саласын да тығырыққа тіреген. Өйткені оқулықтарды басуға қажетті құралдардың басым бөлігі шетелден тасымалданады. Сондықтан баспагерлер кітаптарды бұрынғы бағамен басу тиімсіз деп отыр. Енді бірер аптадан соң дүкен сөрелеріндегі кітаптың бағасы өседі.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 360 мекеме 5 мыңға жуық кітап шығарады. Олардың басым бөлігі әдеби кітаптар болса, тиражы 16 миллионға жуық.

"Кітапты оқырманның қолына жеткізу қазір қымбатқа түседі. Барлық оқулық өндіруге керек құрал-жабдықтарды шетелден алдыртамыз. Алатын материалдарға баж салығы салынады. Қазақстанда кітапты басып шығарғаннан гөрі, дайынын алдыртқан тиімді. Түркия мен Қытайда осыдан пайда тауып отыр", - деді "Дәуір" баспасының атқарушы директоры Есет Қожамұратов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети