24 ақпан 2015 | 10:50

Сәкен Сейфуллиннің атылғанын растайтын құжат табылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің атылғанын растайтын айғақ табылды, - деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің атылғанын растайтын айғақ табылды, - деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті. 

Басылымның редакциясына келіп түскен құжат Сәкен Сейфуллиннің 1938 жылы 25 ақпанда атылғанын айғақтайды. Құжат Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік қызметінің орталық архивінің ерекше бөлімінен алынған. Оны Сейфуллин жайлы деректі фильм түсіріп жүрген белгілі режиссер Еркін Рақышев тапқан. Табылған құжатта соттың атылсын деген үкімінің орындалғаны, ақынның қай күні атылғаны, өліміне қандай адамдардың куәгер болғаны көрсетіліп, қолдары қойылып, акт жасалған.

Басылымның хабарлауынша, соңғы жылдары БАҚ беттерінде түрлі мақалалар басылып, "Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаев атылмаған, олар Сібірде айдауда болған, оларды көрген адамдар бар" деген пікірлер айтылып жүрді. Біраз кісілер қайраткер ақындарымыздың жатқан жерлерін анықтаймыз деп, Магаданға экспедициямен де барып қайтты. Үкіметтің алдына арыстарымыздың сүйектерін тауып, елге әкеліп жерлеу керек деген мәселе қойды. Енді осының ақиқаты белгілі болып отыр. 

Газеттің мәліметінше, Сейфуллин атылған күні - 1938 жылдың 25 ақпанында тағы 39 адамның өлім жазасы орындалған. Олардың қатарында Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов те болды. Құжатты тапқан режиссер Еркін Рақышевтің айтуынша, Сейфуллиннің атылғаны туралы актінің табылуына ақынның ұрпақтарының септігі тиді. Себебі, ФҚҚ өтінішті тек ақынның жақын туыстарының сұрауы бойынша ғана қарайды.

Еркін Рақышев бұған дейін "Тұрар Рысқұлов", "Ашар­шылық", "Темірбек Жүргенов" атты деректі фильмдер түсіргенде де бұрын елгісіз болып келген көптеген тың деректерді тапқан. Ол Тұрар Рысқұловпен қатар, Сұлтанбек Қожановтың және Нәзір Төреқұловтың жерленген жерін анықтаған. 

Режиссердің айтуынша, жұрттың "Сәкенмен, Мағ­жанмен түрмеде бірге болдым" деген адамдардың сөзіне сеніп жүрген себебі мынада: сол кезде Кеңес өкіметі атылған адамдардың туысқандарына жалған мәлімет беру жайлы құпия қаулы шығарған. Түрлі адамдар арқылы өсек-аяң таратылды. Атылған адамдар жайлы олармен "10 жылға дейін хат жазысуға болмайды" деген өтірік үкім шыққан. Режиссер Рақышев оның бір дәлелімен Рысқұлов туралы деректі фильмін түсіру барысында ұшырасқан. Үкімет Рысқұловтың туыстарына ол 1943 жылы Қостанайда түрмеде ауырып өлді деген анықтама берген. Бұған дейін Рысқұлов 1938 жылы 8 ақпанда атылсын деген соттың үкімі болған. Қауіпсіздік қызметі кейін барып шындықты жария еткен - көп сұрақтың астына алып мазалаған туыстарына Рысқұловтың 10 ақпанда, яғни үкім шыққаннан екі күннен соң атылғаны жайлы құжатты көрсеткен.

Басылымның мәліметінше, Сәкеннің 1938 жылғы 25 ақпанда атыл­ға­нын көрсететін жалпы тізім бұрыннан да белгілі. Ол тізімді 1991 жылы белгілі демограф Мақаш Тәтімов тапқан. Бірақ тізім оның атылғанын нақты растайтын құжат емес еді. 

Алаш арысының атылғанын растайтын құжатты Аbai.kz порталы жария етті. 

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Ақмола облысы Ақмола уезінің Нілді болысында туған. Ол - Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушы, Қазақ (Қырғыз) АКСР Халық комиссарлары кеңесінің тұңғыш төрағаларының бірі. Жазушы 1957 жылдың 21 наурызында саяси жаладан ақталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети