Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің белгісіз болып келген әні табылды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің белгісіз болып келген әні табылды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Астананың 85 жастағы тұрғыны Мәриям Сәлкенқызы бұл әнді әкесінен естігенін, ал әкесі Сәкен Сейфуллиннің досы екенін айтып берді. "Ешкім айтпаған соң, оны жарыққа шығару керек. Ол өлең өзі қалай шыққан өлең? Ол өлең өзі айдауда жүргенде, түрмеде отырғанда жазған өлең. Оны жылап отырып жазды ма, елін сағынғанынан жазды ма білмеймін енді", - деді Сәлкенқызы.
Сонымен қатар, кейуана осыған дейін бұл әнді білсе де, көп алдында шырқауға қорыққаннан айта алмай жүрген. Ол бұл әнді тек той-томалақта айтып беріп отырады екен. Бұл ән Сейфуллиннің айдауда жүрген шағында туған жері "Сарыарқаға" арналыпты. Кейуана әнді болашақ ұрпаққа аманаттап кетуді ойлаған.