Сербияда Назарбаев туралы кітап таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сербияда Назарбаев туралы кітап таныстырылды © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сербияда "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" атты кітабының серб тіліндегі нұсқасы таныстырылды, салтанатты іс-шараға Сербия президенті қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сербияда "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" атты кітабының серб тіліндегі нұсқасы таныстырылды, салтанатты іс-шараға Сербия президенті қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты іс-шарада серб мемлекетінің басшысы Сербия саяси және іскерлік топтарында Қазақстан туралы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде тұрақты оң көзқарастың қалыптасқанын айтып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен төзімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілету салаларында Орталық Азия өңірінде үлгілі елдердің біріне айналғанын атап өтті.

"Сербия президенті Томислав Николич "тағдыршешті кезеңде ел басшылығына келген Қазақстан Президентінің тарихи шешімдерімен белгіленген" Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИКҰ ұйымдарында сәтті төрағалығы, "ЭКСПО-2017" көрмесінің Астанада өткізілуі халықаралық қауымдастықта Республиканың және Президенттің жеке беделінің артуын дәлелдейтініне баса назар аударды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" атты кітабының серб тіліндегі нұсқасының тұсаукесеріне ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, Сербия Парламент төрайымы Майя Гойкович, Серб Православ Шіркеуінің Патриархы Ириней, депутаттық және дипломатиялық корпус, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, іскерлік топтарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Басылымның алғашқы данасы Сербия президенті Николичке қолма қол тапсырылды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети