23 қыркүйек 2014 | 17:40

Шәкәрім туралы ғұмырбаяндық кітап түрік тілінде жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі ©Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

Түркия астанасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық "Мәңгі Ел" ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас редакторы Ерлан Сыдықовтың "Шәкәрім" атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы түрік тілінде жарық көрді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия астанасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық "Мәңгі Ел" ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас редакторы Ерлан Сыдықовтың "Шәкәрім" атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы түрік тілінде жарық көрді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ғалымының еңбегі Анкара қаласындағы атақты Bengu баспасынан жарық көрді. Әлемдік руханият тарихында орны бар қазақ тұлғасы туралы түркі тіліндегі тұңғыш толымды еңбекті тіл маманы, PhD Ләззат Орақова аударған. Ал баспадан шығаруға Түркі кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары, қазіргі Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі еңбек сіңірді.

"Мен бұл жаңалықты естіп қатты қуанып тұрмын. Абайды, Шәкәрімді, Мағжанды ақын деу аз, бұлар – Түркі дүниесі мәдениетінің алтын көпірлері. Юнус Эмре мен Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясында ортақ сарындар өте көп. Мен Шәкәрімді қазақша оқыдым. Ойы терең, халық тағдырына ерекше қам жеген бұл ақынды Түркия білсе ғой деп жүретінмін. Құрметті ректор Ерлан Сыдықов кітабының түрікше аудармасын шын ықыласпен қабылдадым. Түрік-қазақ мәдени байланыстары бұдан әрі де арта беретініне сенімдімін, – дейді Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибраһим Йылдырым.

"Бұл кітапта Шәкәрімнің қазақ мәдениеті мен әдебиетіне және санасына қосқан үлесін Ерлан Сыдықов мырза жаңадан қарастырады. Оқырмандарға осы кітапты оқуға кеңес беремін", - дейді Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Жақып Өмерұлы.

Кітаптың алғашқы оқырмандары ақын, дінтанушы, шежіреші, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы бұл ғұмырбаяндық кітаптың түрік оқырмандарына жетуі мен танылуы – Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті үшін үлкен олжа деген баға берді. Олардың айтуынша, қазақтың ұлы қайраткерлерін әлемге кеңінен таныту - үлкен дәреже.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети