Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мәдениет қайраткерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мәдениет қайраткерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың бірі - композитор Шәміл Әбілтаев Мемлекет басшысы 1973 жылы Теміртауда жұмыс істеп жүрген кезінде сөзін жазған "Шұбар ат" әнін орындады. Сонымен бірге Ш.Әбілтаев өзі шығарған "Қазақстан – Нұрсұлтан" күй-портретті де орындап берді. Ш.Әбілтаев өзінің қызметі туралы айта келіп, шығармашылық жоспарлары жөнінде ой бөлісті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ жазушы және қоғам қайраткері Дулат Исабековпен кездесті. Алматыдағы резиденцияда өткен әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспектілері талқыланды.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ баршасына табыс тіледі.
Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және "Өкпек жолаушы" пьесасының премьерасы өтетінін айтты.
Сонымен бірге Назарбаев Білім және ғылым министрлігі Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижановпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның гуманитарлық ғылымының жай-күйі және зиялы қауымның қазіргі замандағы рөлі талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев интеллигенция өркендеген қуатты мемлекет құру үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше үлес қосуға тиіс екенін атап өтті.
У.Қалижанов институттың қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы хабардар етті. Ол Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеуге және насихаттауға бағытталған жұмыстар, сондай-ақ қазақ әдебиетінің тарихы саласындағы зерттеулер жөнінде әңгімеледі.