25 қаңтар 2020 | 16:05

ШҚО-да кітапхана ұжымы "Абай жолын" зағип жандарға жазып шығарды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Шығыс Қазақстан облысындағы зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана ұжымы "Абай жолы" роман-эпопеясының Брайль жүйесіндегі нұсқасын жазып шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысындағы зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана ұжымы "Абай жолы" роман-эпопеясының Брайль жүйесіндегі нұсқасын жазып шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Олардың айтуларынша, романның бір беті Брайль шрифтіне ауысқанда 3 бетке ұлғайған. Сөйтіп, 4 томдық әдеби туынды 21 кітап болып шықты. Аталған шығармашылық жұмысты атқаруға бір апта уақыт кеткен.

"Бұл ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған шаралардың тек бастамасы ғана", - дейді кітапханашылар.

Осыған дейін олар Абай Құнанбаевтың қара сөздерін зағиптарға арналған оқу жүйесінде жазып шыққан екен. Енді алдағы уақытта "Өлең сөздің патшасы" атты өлеңдер жинағын топтастыруды да жоспарлап отыр.

"Қиындық болды, World нұсқасын табу қиын болды, уақытымыз көбірек кетті, қазақша кітап сайттарда көп болмады, күні-түні жұмыс істеп, ұжыммен атсалыстық", - дейді кітапханашы Балнұр Нұрахметова.

Романды оқып бастағандар да бар екен. 

"Бұл туындыны үлкен ынтамен оқып жатырмын. Бастан аяқ тәлім-тәрбиеге толы шығарма. Сонысымен де мені бірден қызықтырды", - дейді бірінші топ мүгедегі Денис Ишунин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети