15 қыркүйек 2019 | 15:46

"Сүйемін гүліңнің көктемін" - Альмира Тұрсын Алматыға ықыласын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса Альмира Тұрсын Қала күнінде Алматыға ықыласын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бірге оқимыз" жобасының аясында ол Леонид Дербеневтің "Алма-Ата моя" атты туындысын оқыды. Бұл өлеңге жазылған ән алғаш Ермек Серкебаевтың орындауында "Тақиялы періште" фильмінде айтылды.


Иконка комментария блок соц сети

Актриса Альмира Тұрсын Қала күнінде Алматыға ықыласын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бірге оқимыз" жобасының аясында ол Леонид Дербеневтің "Алма-Ата моя" атты туындысын оқыды. Бұл өлеңге жазылған ән алғаш Ермек Серкебаевтың орындауында "Тақиялы періште" фильмінде айтылды.

"Алғаш рет Ермек Серкебаевтың "Алма-Ата" әнін естіп, бұл мен үшін үздік ән екенін, Алматының гимні екенін түсіндім. Оны Қала күніне орай "Бірге оқимыз" жобасының аясында оқу – өз ықыласымды білдіруге, оқуға шақыруға, таптырмас тәсіл... Әсіресе, өз отандастарыңның еңбектерін, махаббат жайлы, өмір мен мәңгілік туралы оқуды үгіттеу! Өз қалаларыңызды сүйіңіздер, кітапқа құштар болыңыздар, балаларыңыздың оқуға деген зейінін ашыңыздар! Себебі кітап - білім бұлағы, ғасырлармен байланыс орнатқызатын желі, арамызда жоқ адамдармен тілдесу құралы және келешек ұрпаққа қалдыратын мұрамыз", - дейді Альмира.

"Бірге оқимыз" жобасының мақсаты - жастарға кітап оқуды насихаттап, отандық әдеби шығармаларға қызығушылық тудыру. Жоба аясында эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар циклі дайындалып жатыр. "Бірге оқимыз" арнайы жобасын ERG компаниясының қолдауымен Alash Media Group холдингі жүзеге асырып келеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети