Тоқаев түрік жазушысын "Достық" орденімен марапаттады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: ҚР СІМ Сурет: ҚР СІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, түрік жазушысы "Достық" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, түрік жазушысы "Достық" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы М.Әуезовтың "Абай жолы" романын жақында түрік тіліне аударған белгілі түрік ақыны, жазушы Зафер Кибарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес берілген Қазақстанның мемлекеттік наградасы - II дәрежелі "Достық" орденін табыстады.

Өз кезегінде Зафер Кибар табысталған орден үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қазақ халқына алғысын білдіріп, Абайдың барша адамзатты ағартар терең сөздерді жай айтып қана қоймай, қағаз бетіне түсіріп, өшпес мұра қылып кеткені жайлы сөз қозғады.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген А. Сапарбекұлы ұлы ақынның қазақ халқы үшін ерекше рөлін айтып, "Абайды тану - өзімізді тану" деп, оның терең ойларының қазақ болмысын қалыптастырғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Абайдың әдебиетпен қатар қоғамдық өмірдегі жаңашыл ойлары өзінен кейінгі қазақ зиялылары үшін өнегелі үлгіге айналғанын айтты.

Түркия Мәдениет экс-министрі Намык Зейбек өз сөзінде Абайға қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы деген баға беріп, ұлы ақынның бүкіл түркі әлемі үшін маңызына тоқталды.

Ұлы ақынның өлеңдері, поэмалары мен Қара сөздерін мәнерлеп оқуға арналған әдеби кешке ұласты. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының суреттерінен құралған көрме салтанатты іс-шара қатысушыларына ұсынылды.

Алқалы жиынға ТР Мәдениет экс-министрі Намык Зейбек, Еуразия жазушылар одағының президенті Якуп Өмероғлу, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым және Анкарадағы дипломатиялық миссиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық жастар және басқалары қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro