Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы кітап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кітап "Ер есімі - ел есінде - Мы помним, мы гордимся" деп аталады.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы кітап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кітап "Ер есімі - ел есінде - Мы помним, мы гордимся" деп аталады.
"Біз Қызыл әскер мен құлдықта болған мыңдағын қазақтың суреттерін жинадық. Енді жастар Жеңістің қандай жолмен келгенін білетін болады. Мүмкін өзінің туыстарын танып қалатындар да болар... Кітаптар тиісті мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдерге, кітапханаларға, мұрайжайлар мен оқу ғимараттарына жіберілді... Сонымен қатар, біздің кітаптар Ресей мен Беларусь мұражайларына да қойылады. Қазір кітаптың электрондық нұсқасы әзірленіп жатыр. Кітапты қазақ тіліне аудару жұмыстары басталды, ақпараттарды алуға рұқсат етілген", - деді жобаның авторы Қазбек Бейсебаев.
Естелік кітап жоба қатысушыларының өз қаражатына жасалған. Сонымен қатар, шетелде тұратын Қазақстан азаматтары мен Ресейдегі бұрынғы қазақстандықтар көмектескен.
Бейсебаевтің айтуынша, Facebook желісіндегі топ арқылы екі жыл ішінде "Соғыста болған аталарымыз" туралы мыңдаған суреттер жинаған. Естелік кітап 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ардагерлердің балалары мен немерелері өздерінің аталары мен әкелері туралы айтып береді. Екінші бөлім қазақстандық батырлар Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов пен Хиуаз Доспанов сияқты батырларға арналған. Үшінші бөлімде құлдықта және соғыста болған жауынгерлердің мыңдаған суреті жарияланған.