Ходорковский Ресейдегі түрмелер туралы новеллалар жиынтығын шығармақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ходорковский Ресейдегі түрмелер туралы новеллалар жиынтығын шығармақ Михаил Ходорковский. Фото с сайта khodorkovsky.ru

ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Ресейде "Түрмелік адамдар" деген новеллалар жиынтығын шығарады, деп хабарлайды РИА Новости. Ходорковский ресейлік түрмелерде он жылдай қамауда болған. Оған кешірім беруге Ресей президенті 2013 жылдың соңында қол қойып, дәл сол күні ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы бостандыққа шыққан. Ал оның негізгі жазасының өтелу уақыты 2014 жылдың тамызы болған. Бостандыққа шыққан соң Ходорковский бірден Ресейден кетіп қалған. Айта кетейік, Ресейдегі түрмелер туралы новелланың алғашқы бөлімдерімен оқырмандар таныс. Оларды автор 2011 жылдың тамызында The New Times журналына жариялаған. 2013 жылы новеллалар жиынтығы Францияда жарық көрді. Кітаптың кіріспе сөзін Ходорковскийдің балалары Михаил және Анастасия жазған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети