26 қаңтар 2019 10:07

12 жастағы ұры кәсіпқой боксшыны атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©WOAI ©WOAI

АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалде қаласында 12 жастағы жасөспірім кәсіпқой боксшыны атып тастады, - деп хабарлайды Boxingscene.


АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалде қаласында 12 жастағы жасөспірім кәсіпқой боксшыны атып тастады, - деп хабарлайды Boxingscene.

24 жастағы Джон Вантметер өз үйінде сүйген қызы және екі баласымен болған. Ол әлдекімнің үйге кіргенін естіп, бөлмеден шыққан. Осы кезде әйел адам оқ атылғанын естіген. 

Оқиға орнына жеткен полицейлер есік алдында жатқан боксшыны тапқан. Оның басына оқ тиген. Вантметерді ауруханаға жеткізген, алайда ол алған жарақатынан қайтыс болды. 

Куәгерлер полицейлерге қара киінген ер адамды байқағандарын айтқан. Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстаған, куәгерлер оны таныды - ол жергілікті мектептің 12 жастағы оқушысы екені анықталды. Техас штатының заңына сәйкес, 14 жасқа толмаған балаларды 40 жылға дейін соттауға рұқсат беріледі. 

Вантметер спорттық карьерасында алты жекпе-жек өткізіп, соңғы екеуінде жеңіске жеткен. Келесі жекпе-жегі ақпанда өтеді деп жоспарланған.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети