13 қаңтарда Альварес кіммен жұдырықтасатынын мәлімдейді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қаңтарда Альварес кіммен жұдырықтасатынын мәлімдейді - БАҚ © segodnya.ua

Белгілі WorldBoxingNews.net сайты қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек туралы қашан айтылатынын шамалады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі WorldBoxingNews.net сайты қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек туралы қашан айтылатынын шамалады.

"Головкин - Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің дедлайны таяп келеді. 2017 жылдың 13 қаңтарында "Канело" кіші Хулио Сезар Чавеспен 5 мамырда Лас-Вегаста жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген еді. Біз осы күнге жақындап келеміз. Сондықтан жанкүйерлер "Канелоның" Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізетінін ресми түрде растағанын естуге жиналды.

Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталып, дау туғызған еді. Ал екінші жекпе-жек бойынша командалар келіссөздерді жабық түрде өткізіп жатыр, осыған байланысты БАҚ қазіргі жағдай туралы хабарсыз.

Альварес келесі жекпе-жегін Билли Джо Сондерс немесе Дэниэл Джейкобске қарсы өткізеді, ал Головкинмен қайтадан тек қыркүйекте жұдырықтасады деген қауесеттер тарап жатыр. Дегенмен Golden Boy президенті Оскар Де Ла Хойя "Канелоны" рингте Головкинмен жұдырықтасқанын көргісі келетінін айтқан. Оның үстіне қарымта кездесуді кейінге қалдырудың мәні жоқ. Алдағы күндері бәрі анықталады", - деп жазады басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети