Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің IBF белбеуінің иегері Давид Лемьемен жекпе-жегінің тарихта сабау күні болып қалуын қалайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Не қалаймын дейсіз бе, Гена мен Давид шығып, тіресіп, нағыз төбелес ұйымдастырғанын қалаймын, - деп мәлімдеді Абель Санчес. - 17 қазан тарихта "Мэдисон" аренасындағы сабау күні болып қалғанын қалаймын. Себебі юірінші кезекте мен боксты сүйемін, жанкүйермін, көрерменмін, сосын ғана бапкермін".
Головкин PPV-кездесу болса да ешқандай психологиялық қысымды сезіп жүрген жоқ. Жігіттің жалпы 350 жеңісі және 5 жеңілісі бар, ол аматордан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның көрмегені жоқ", -деді бапкер. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.