"17 қыркүйекте әлем тоқтайды". Промоутер "Канело" - Головкин трилогиясы туралы

Камила Долаева Журналист
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы трилогияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

24 мамырда үшінші жекпе-жек ресми түрде қашан өтетіні жарияланған болатын.

"Бұл жекпе-жекті жүргізу мен үшін абырой... 17 қыркүйекте әлем трилогияға куә болу үшін тоқтайды!!!" - деп жазды Хирн Instagram-да.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңді. 

GGG кейінгі жекпе-жегін сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволдан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама