Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Ресми: Головкин - Канело трилогиясы өтетін күн жарияланды 24 мамыр 2022, 22:10

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©wbaboxing.com ©wbaboxing.com

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды.

"Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазды Головкин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

GGG кейінгі жекпе-жегін сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволдан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті