25 маусым 2019 12:39

"2020 жылы чемпион болғым келеді". Головкиннен жеңілген канадалық боксшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық Стив Роллс (19-1, 10 КО) CKSN.ca порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннен (39-1-1, 35 КО) нокаутпен жеңілген соң карьерасын аяқтамайтынын майтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йоркте өтті. 35 жастағы Стив Роллс спорттық мансабында бірінші рет жеңілді. Ал қазақстандық үшін бұл DAZN стриминг қызметіндегі алғашқы жекпе-жегі болды.

"Бәрі білетініне көз жеткізгім келеді. Мен аяқтаған жоқпын. Ол кеш тамаша тәжірибе болды, бірақ, бұл соңы емес, басы ғана. Менеджерім қыркүйекте оралуыма бір-екі есімді атады. 2020 жылы чемпион болғым келеді", - дейді Роллс.

Қыркүйекте Головкин де жекпе-жек өткізгісі келеді. Роллсты жеңген соң қазақстандық рингте тұрып, мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жұдырықтасуға шақырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети