АҚШ-тың Невада штатындағы "T-Mobile Arena" спорт аренасында бокс кешінің андеркатында қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста шаршы алаңға бірінші рет шығып, жеңіске жетті, - Vesti.kz. "Астана Арланс" бұрынғы боксшысы Лас-Вегаста PPV-шоуында шаршы алаңға шықты, бұл кештің басты кездесуі ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін болмақшы.

Басылым мәліметінше оның қарсыласы - АҚШ өкілі Генри Бекфорд, төрт рет жеңіске жетіп, бес рет тізе бүккен боксшы. Жекпе-жек орта салмақта алты раундқа созылды, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімі бойынша жеңіс Нұрсұлтановқа берілді. Америкалық боксшы осыған дейін де қазақстандық боксшылармен кездесу өткізген екен.
Негізі Нұрсұлтанов басқа бір америкалық боксшы - алты рет шаршы алаңға шығып, бір рет те жеңілмеген Монреко Голдстанамен шығуы тиіс болған. Алайда кездесуге бірнеше күн қалған уақытта қарсыласты өзгерткен.