36 минут ішінде 300 миллион доллар табыс табамын - Мейвезер МакГрегормен жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

36 минут ішінде 300 миллион доллар табыс табамын - Мейвезер МакГрегормен жекпе-жегі жайлы © СПОРТ bigmir)net

Бокстан бірнеше салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер 36 минут ішінде UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен өтетін жекпе-жектен қанша табыс табатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан бірнеше салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер 36 минут ішінде UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен өтетін жекпе-жектен қанша табыс табатынын айтып берді

"Біз төрт не бес жылдық келісімшарт жайлы айтып отырғанымыз жоқ. Мен оны 36 минуттың ішінде тындырамын. Үш жүз миллион доллар не оданда көп қаражат. 36 минут ішінде", - деп жазады TMZ Мейвезердің сөзін.

Осыған дейін екі спортшының да осы жекпе-жектен кепілденген 100 миллион доллар алатыны хабарланған болатын. Бірақ қазіргі уақытта бұл жекпе-жектің билеттерін сату барысында қиындықтар туындап отыр. Сондықтан да алдағы уақытта екі спортшының сыйақы көлемі өзгеруі мүмкін. 

Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети