Бүгін, 10 сәуірде Ұлан-Баторда (Моңғолия) бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Турнирдің алтын жүлдесі үшін рингке әртүрлі салмақ дәрежесінде 5 қазақстандық боксшы шығады
- 60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов - Сачин Сачин (Үндістан);
- 70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Зейад Ишаиш (Иордания);
- 75 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов - Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан);
- 85 келіге дейін: Нұрбек Оралбай - Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан);
- 90+ келі: Айбек Оралбай - Данабек Байкенже (Қытай).
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан Азия чемпионатының финалында: тікелей көрсетілім
Қазақстан құрамасының жекпе-жектерінің трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 10:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасының эфирінен көруге болады.
Қазақстан құрамасының алғашқы жекпе-жегі (Оразбек Асылқұлов) шамамен 10:30-да басталады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Еске сала кетейік, кеше, 9 сәуірде Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы 2 алтын (Надежда Рябец, Дина Исламбекова), 1 күміс (Бақыт Сейдіш) және 2 қола медаль (Валентина Хальзова мен Айгерім Сәттібаева) иеленді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру