Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.53
EUR / KZT - 392.10
CNY / KZT - 50.40
RUB / KZT - 5.82

Astana arlans пен Mexico Guerreros командаларының құрамы жарияланды

30 Қаңтар 2014, 14:57
0
Самат Бәшенов (сол жақта). Сурет WSB сайтынан
Самат Бәшенов (сол жақта). Сурет WSB сайтынан
Astana arlans пен Mexico Guerreros командалары жетінші ақпан күні Мексика астанасында өтетін жекпе-жек кешіне қатысатын боксшыларының құрамын жариялады, деп хабарлайды WSB додасының ресми сайтына сүйенген Tengrinews.kz.

Бұл топтық кезеңнің жетінші туры аясында өтетін айқас. Шаршы алаңға 52, 60, 69, 81 және 91+ келі салмақ дәрежелерінің боксшылары шығады. Жеңіл салмақта "арландар" атынан Мирас Жақыпов жұдырықтасады. "Шлемсіз бокста" біраз тәжірибе жинақтаған жерлесіміз бұған дейін алты рет айқасып, біреуінде ғана жеңіліп қалған. Әйтседе, Мирастың қарсыласы да өте қарымды. Элиас Емигдио осы жоба аясында 18 рет шаршы алаңға шығып, соның 15-ін өз пайдасына шешіпті. Соңғы жұдырықтасуында польшалық қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып тастаған. Айтпақшы, Емигдио "арландарға" да жақсы таныс. Екінші маусымда Хабибулла Исмаил-Ахуновты жеңген. Ал былтырғы маусымда Мейірболат Тойытов Элиасты еш қиындықсыз тізе бүкітрді.

60 келіде команда капитаны Самат Бәшеновке сенім артамыз. Қаңтардың 11-інде Әзірбайжанда өткен кездесуде Baku fires командасының көшбасшысы Альберт Селимовтен жеңілген жерлесіміз енді есесін Линдольфо Дельгадодан қайтармақ. Өз кезегінде 19 жасар мексикалық боксшы үшін бұл екінші айқас болмақ. Мұның алдында польшалықпен жұдырықтасып, жеңіске жеткен екен.

69 келіде "арландар" дебютантына үміт артып отыр. Клубпен қаңтардың басында ғана келісімшартқа отырған Манат Әмірзақовқа Mexico Guerreros командасының көшбасшысы Марвин Кабрера қарсылас атанбақ. Марвин әккі боксшы. WSB додасында тоғыз жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана эеңілістің кермек дәмін татыпты. Былтырғы маусымда өз салмағының үздігі болған. Оның қарымдылығын экс-"арлан" Абуязит Угурчиев те тексеріп көріп, жеңіліп қалған.

81 келіде хорватиялық легионеріміз Хрвое Сеп үшін тақым қысамыз. Соңғы рет өткен жылдың 12 желтоқсанында Алматыда кубалық Хулио Ла Крузбен кездесіп, жанкүйерлердің пікірінше әділетсіз жеңілген Сеп "Әтештердің" молдовалық 20 жасар боксшысы Петру Киобанумен жұдырықтасады. Айта кетейік, "шлемсіз бокстың" дәмін енді ғана татып жүрген боксшы. Бірінші және әзірге соңғы айқасында кубалық қарсыласынан жеңіліп қалған.

Аса ауыр салмақта да легионердің көмегіне жүгінеміз. Турасын айтсақ, Мексикада "арландар" үшін хорват Филип Хргович өнер көрсетеді. Дәл қазір "Астана арландары" командасының ғана емес, әлемнің де үздік ауыр салмақты боксшыларының біріне саналатын Хргович 7 ақпанда тағы бір рет Джеральдо Бисбалдың бабын байқап көреді. Тағы бір рет деуіміз бекер емес. Екеуі бір-бірін жақсы біледі. Шаршы алаңда да жиі кездесіп жүр. Соңғы рет өткен жылы WSB додасының жартылай финалында кездесіп, "арланымыз" жеңіске жеткен. Дегенмен, Бисбал да мықты боксшы. Осы жобада барлығы тоғыз мәрте жұдырықтасып, соның алтауында асығы алшысынан тұрған.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір "Арландар" "В" тобында 13 ұпаймен екінші орында, ал еншілеріне 2 ұпайды жазған "Әтештер" 5-орында тұр. Оған дейін Astana arlans 1 ақпанда Алматыда Ресей құрамасымен, Mexico Guerreros өз жерінде Baku fires командасымен кездеседі.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай