03 наурыз 2019 | 12:00

GGG Альвареспен үшінші кездесу өткізудің басты шартын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайын, алайда ол қарсыласына ультиматум қоймақшы, - деп хабарлайды WorldBoxingNews.


Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайын, алайда ол қарсыласына ультиматум қоймақшы, - деп хабарлайды WorldBoxingNews.

Журналист Фил Джейдің айтуынша, қазақстандық боксшы өзін "жеңілдім" деп санамайды екен және Альварес тартып алған белбеулерді қайтаруды жоспарлаған. Қос боксшының өкілдері келіссөздерді бір-ақ күнде шешіп тастамасы анық, себебі Головкин жекпе-жекті Лас-Вегастан басқа жерде ұйымдастыруды талап етіп отыр. 

Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Техас штатында жекпе-жек ұйымдастыруға болады екен. Үміткерлер қатарында Еуропа елдерінің бірінде жабылатын шатыры бар футбол стадионы да болуы мүмкін.

Басылым мәліметінше, GGG DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт туралы келісімге келген. Келісім туралы ресми түрде келесі аптаның басында жарияланатын болады.

Головкиннің рингке мамырда не маусымда қайта оралады деп күтіледі, ал келісімшарт кем дегенде екі жекпе-жекке есептелген, бірақ болашақта бес немесе алты жекпе-жекке дейін артуы мүмкін.

Ол қазан айында бес жыл бойы 11 жекпе-жекте қызмет көрсету келісім-шартына қол қойған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети