GGG америкалық ESPN рейтингінде топ жарды

24 Наурыз 2017, 08:52
0
GGG америкалық ESPN рейтингінде топ жарды -

Америкалық ESPN.com спорт сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ішінде (P4P) әлем үздіктерінің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімде бірінші орынды WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алып тұр. Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген. 

ESPN рейтингі:

1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО).

2. Андре Уорд (31-0, 15 КО).

3. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО).

4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО).

5. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО).

6. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО).

7. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО).

8. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО).

9. Кит Турман (28-0, 22 КО).

10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).

Еске салайық, Головкин 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңген еді. Қазақстандық кәсіпқой бокста тұңғыш рет 12 раундқа созылған жекпе-жек өткізді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай