Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TMZ Sports арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгеннен кейін алға қандай мақсаттар қоятыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канеломен" жекпе-жек өткізгеннен кейін не істегің келеді? Ол сенің деңгейіңнің қандай екенін біледі ғой", - деп сұрады журналист Головкиннен.
"Екі нұсқа бар. Біріншісі - реванш. Екіншісі - орта дивизиондағы барлық белбеуді алғым келеді. Бұл менің арманым", - деді қазақстандық.
Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.