GGG командасындағы қазақстандық боксшы жаңа салмақта жеңіске жетті

25 Наурыз, 12:23
0
Әли Ахмедов. © Tom Hogan
Әли Ахмедов. © Tom Hogan

Кәсіпқой бокста жаңа салмаққа ауысқан қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. 23 жастағы Ахмедовтың қарсыласы сегізраундтық кездесуде америкалық 37 жастағы Майк Гай болды.

Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Голивудта Hollywood Fight Nights шоуы аясында ұйымдастырылды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ахмедов 80-72, 79-73, 78-74 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы жаңа салмақта бірінші рет өнер көрсетті - бұрындары ол жартылай ауыр дивизионда өнер көрсетіп келді.

Осылайша, Ахмедов 14 кездесудің барлығында (10 КО) да жеңіске жетті. Гай болса спорттық мансабында төртінші рет жеңіліке ұшырады. Ол бұрындары тоғыз рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.

Айта кетейік, Ахмедов Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) тиесілі GGG Promotions компаниясының атынан өнер көрсетіп жүр. Жартылай ауыр салмақта ол WBC "жастар" белбеуін иеленген және үздік 15 боксшылар рейтингіне кірген.

Hollywood Fight Nights шоуын GGG ісін жүргізуші Том Леффлерге тиесілі 360 Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай