20 наурыз 2017 | 14:10

GGG промоутері Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) проумотері Том Леффлер жекпе-жек Қазақстанда өтеді және мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен болуы керек жекпе-жектің келісімшартына қол қойылмағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Иконка комментария блок соц сети

"Қазір ештеңе жоспарланбаған. Мен көптеген келіссөздер жүргізіп жатырмын, ол Golden Boy болосын немесе Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін қалайтындармен де. Бірақ ештеңге қол қойылған жоқ. Біз сенбі күнгі жекпе-жектің қорытындысын білгіміз келді - себебі ештеңе келісілмегенін біз білдік. "Канеломен" де Қазақстанмен де ештеңе аяқталған жоқ. Осы аптада біз үстелімізге не түсетінін көреміз. Біз "Канеломен" келісімшартқа қол қоя алмаймыз, себебі ол Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жекке шығуы керек. Бірақ осы жекпе-жектің іске асуы үшін біз қолдан келгеннің барын істеп жатырмыз", - деп жазады Леффлердің сөзін BoxingScene.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети