UFC президенті Пакьяоны сотқа беремін деп қорқытты

10 Желтоқсан 2017, 16:43
0
UFC президенті Пакьяоны сотқа беремін деп қорқытты -

UFC президенті Дана Уайт Мэнни Пакьяоны сотқа беремін деп қорқытты, - деп жазады AllBoxing басылымы.

Басылымның мәліметінше, жақында Мэнни Пакьяо UFC чемпионы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізу туралы талқылаған. Тіпті, кездесуді сәуір айында өткізбекші болып, алдын ала келіссөздер жүргізген. Осыған байланысты Дана Уайт Мэнни Пакьяоны сотқа бермекші.

"Бұл қызық жағдай болып тұр, себебі Макгрегор бізбен келісімшарт жасасқан. Осы келіссөздер туралы әңгіме рас болса, мен Мэнни Пакьяоны немесе оның мүддесін қорғайтын адамды сотқа беремін", - деп келтіреді mmajunkie.com сайты UFC президентінің сөзін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай