Vesti.kz порталы "Астана арландарының" келесі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

11 Мамыр 2017, 14:22
0
Vesti.kz порталы "Астана арландарының" келесі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді - © vk.com/astana_arlans
© vk.com/astana_arlans

Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың бірінші жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде тек Vesti.kz порталы көрсетеді.

Ширек финалдың бірінші кездесуі бүгін 11 мамыр күні, Ресейдің Кемеров қаласында өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 18:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын мына сілтеме бойынша көре аласыздар. Vesti.kz порталында бұл кездесуді Роман Кушпелев пен Уәлихан Қосанбай жүргізеді. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде болады.

Жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізімін мына жерден көруге болады. Еске салайық, ширек финалдық екінші кездесуі 20 мамыр күні Қарағанды қаласында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай