WBC Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады

11 Сәуір, 09:24
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) рингке оралатын уақытын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады. Қарсылас кейін анықталады.

Мұның алдында Головкин жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) пен WBO және WBA титулдарына ие Хассан Н'Дам Н'Жикамға (37-3, 21 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс жасаған еді.

Головкин жеңіліп көрмеген боксшы мен экс-чемпионды жекпе-жекке шақырды

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай