Абель Санчес Геннадий Головкинды әйгілі Чавеспен салыстырды

© vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинні? (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес ?зі жатты?тыратын ?аза?станды? боксшыны ?йгілі мексикалы? Хулио Сезаром Чавеспен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес өзі жаттықтыратын қазақстандық боксшыны әйгілі мексикалық Хулио Сезаром Чавеспен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкинмен жаңадан жұмыс істей бастаған кезімізде мен оған бірінші кезекте Чавес пен Эдвин Росарионың жекпе-жегін көрсеттім. Мен былай дедім: "Маған үш жыл беріңіздер, мен оны дәл Хулио секілді жұдырықтасатындай етемін, ол орта салмақтағы ең мықты атанады, онымен ешкім шаршы алаңда кездескісі келмейтіндей болады". Олардың айырмашылығы мынада - Хулио үлкен панчер емес. Ол қарсыласын шаршатып, титықтататын, ал Головкиннің күші жоқын, ол кеудеден ұрып нокаутқа түсіре алады", - деді Санчес The Fighters Voice баслыымына берген сұхабатында. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Чавестердің үлкені талай мәрте Головкиннің жұдырықтасқанына тәнті болатынын айтқан. Әйгілі мексикалық боксшы қазақстандықты орта салмақтағы ең мықты деп санайды. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама