Головкин мен Альварес тең түсті

17 Қыркүйек 2017, 10:03
0
Головкин мен Альварес тең түсті - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен тең түсті және барлық титулын сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастың 20 мың адамға арналған T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. GGG басынан-ақ жинақы әрекет ете бастады, ал "Канело" қорғаныстан бастады.

Екінші раундта екі боксшы бір-біріне белсенді түрде дәл соққы жасай алды. Айта кетейік, әрбір соққы жасалған сайын трибунада отырғандардың айғайы естіліп тұрды. Үшінші раундтың басында Головкин бар күшін салып, мексикалыққа бірден бірнеше соққы жасады. Кейін қазақстандық боксшы бәсеңдеді, дегенмен де Головкин бірінші болып әрекет жасап отырды. "Канело" да қалыспай дәл соққылармен жауап берді. Ал келесі төртінші раундта Альварес белсендірек әрекет ете бастады, бірақ GGG оны қысып алып, жақсы шабуыл жасады. Бұл раундта да жеңімпаз анықталмады.


© Тұрар Қазанғапов

Бесінші раундта Головкин "Канелоға" қысым жасауын жалғастыра берді, бірақ мексикалық та оған жақсы соққылармен жауап беріп отырды. Осы сәтте екі боксшы да бір минут бойы "мен сенің соққыларыңнан қорықпаймын" деп айтып тұрғандай болды. Ал алтыншы раунд болса, алдыңғы раундтарға ұқсас болды: Головкин соққылар жасады, ал "Канело" оған тек жауап беріп жүрді.


© Тұрар Қазанғапов


© Тұрар Қазанғапов

Жетінші және сегізінші раундтарда Головкин Альвареске дәл және мықты соққылар жасады, бірақ мексикалық та оған жақсы соққылармен жауап берді. Раундтар арасындағы үзілісте Максим Головкин бауырына "барлығы енді басталады" деп айтып жатты.

Тоғызыншы раундта GGG Альвареске мықты соққы жасады, бір сәтке мексикалық ол соққыны көтере алмайды деген ой келді. Бірақ "Канело" өзінің алғашқы соққысын жасай алды.

Ал оныншы раундта Головкин мен Альварес тамаша бокс көрсетті. Раундтар бойынша айтатын болсақ, сарапшылардың айтуынша, қазақстандық 97:93 есебімен алда тұрды. 

Соңғы раундта Альварес алғашқы болып қимылдап, жақсы әрекет ете бастады. Дегенмен қазақстандық одан қорықпайтынын білдіріп, өзінің соққыларын жасай бастады. Сондай-ақ, боксшылар соңғы раундта нағыз шабуыл жасады. Аренадағы жанкүйерлер оларды белсенді түрде қолдады. Ал кейінірек төрешілердің шешім шығаратын кезі келді.

Осыған дейін Головкин мен Альварес ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Головкиннің салмағы - 160 фунт. Мұндай көрсеткішті "Канело" да көрсетті. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтың ережесі бойынша белгіленген 160 фунтты (72,5 келі) көрсетті. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтті. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетілді. АҚШ-та бұл жекпе-жек (PPV) ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Бір телевизордан көру құны 75 доллар болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай