Абель Санчес Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамын өзгертті © 24.kz

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Головкин-Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңімпаз болатыны туралы болжамын өзгертті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қаза бөлімі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Головкин-Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңімпаз болатыны туралы болжамын өзгертті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қаза бөлімі. 

Мұның алдында Санчес Головкин "Канелоны" сегізінші раундта нокаутқа түсіреді деген болатын. Енді ол Головкин мексикалық боксшыны өзі берілгенге дейін сабайтынын айтады. Бапкердің сөзінше, "Канело" үшін бұл нокауттан да жаман болады. 

"Мен бұрын Головкин оны сегізінші раундта нокаутқа түсіреді деп айтқанмын. Ал енді бұл жекпе-жек ұзақтау болады деген ойдамын. Егер Головкин жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтай алмаса, ол "Канелоны" қорғана алмай қалғанға дейін сабайды. Бұл Головкиннің бокстағы орнын анықтайтын жекпе-жек. "Канело" біздің жұдырықтасып көрген ең тәжірибелі қарсыласымыз болады. Ол ең мықты панчер дей алмаймын, бірақ, өте тәжірибелі. Әсіресе оның Мейвезермен жұдырықтасқанын ескерсек. Мейвезер оған чемпион болу үшін шашың жирен және қолың жылдам болу ғана қажет емес екенін түсіндірген шығар. Қалай болса да, "Канело" бұл жекпе-жектен бір нәрсе түйді", - дейді Санчес ESNews басылымына берген сұхбатында. 

Мұның алдында бокс аңызы, бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Шугар Рэй Леонард Головкин-Альварес жекпе-жегіне кім жеңімпаз болатынына қатысты өз ойын айтқан болатын. 

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Кездесу 160 фунт салмақта өтеді. Енді жекпе-жектің өтетін орнын таңдау ғана қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети