Абель Санчестің көңілі неден қалды?

Абель Санчес. © boxingscene.com

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес ?з отандасы Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) та?ы бір м?рте сынны? астына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес өз отандасы Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) тағы бір мәрте сынның астына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірінші жекпе-жекте төрешілер қандай шешім шығарғанына қарамастан, мексикалық ретінде үнемі басқа кездесулерде шабуылда жүретін боксшының 12 раунд бойы қашып жүргенінен көңілім қалды. Жекпе-жек өткізердің алдында оның сөздері тым сенімді әрі нокаутқа түсіретінін де қайталап айтқан еді. Мен "Канело" жайлы айтып отырмын. Ол Головкинді 10 раундтың ішінде-ақ нокаутқа түсіретінін айтты, бірақ іске келгенде 12 раунд бойы қашумен болды. Мұндай ұстаныммен шыққан адамды құлату, әрине, қиын", - дейді бапкер. 

Бокс маманының айтуынша бірінші жекпе-жекте "Канело" бірен саран соққылар жасаған, бірақ мұның барлығы жекпе-жектен тезірек қашу үшін істелген әрекеттер. Алайда ондай соққылармен Головкин секілді боксшыларды құлату тұрмақ, селк еткізудің өзі қиын екенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Канело" діттегеніне қалайда жетті. Ол осы ұстанымымен тамаша жекпе-жек өткізді, әйтпегенде нокаутқа түсіп немесе 12 раундта аяғынан тұра алмастай болар еді. Сол үшін алдын ала көрерменді алдап керек емес. Нағыз жекпе-жек болады, нокаутқа түсіремін деп уәде берудің еш қажеті жоқ", - деп жазады BoxingScene.com Санчестің сөзін. 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама