WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинды жаттықтырушы Абель Санчес WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалевпен кездесу өткізу идеясы ұнайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинды жаттықтырушы Абель Санчес WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалевпен кездесу өткізу идеясы ұнайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған дейін Ковалевтің промоутері Кэти Дува өз шәкіртінің Головкинмен кездесуі мүмкін екенін айтып қалған еді. Бірақ бұл жұдырықтасу үшін қазақстандық жартылай ауыр салмаққа көтерілуі тиіс. Абель Санчестің айтуынша, ол Головкин мен Ковалевтің кездесуі ақылы TV-да өткенін қалайды.
"Бір маңызды мақсат - бұл Ковалевтің командасындағы жақсы адамдар, мен оларды құрметтеймін. Біз Ковалевтің есімін айтпаған сияқты, олар да Головкинді атап айтпады, себебі, меніңше, Сергей Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді. Егер сұхбатын тыңдаған болсаңыздар, оның 3-4 кездесу өткізіп, содан кейін ауыр салмаққа көтерілгісі келетінін айтты. Сондықтан да, менің ойымша, оның жоспарында бізбен жұдырықтасу жоқ, бірақ біз бұл кездесуге қарсы емеспіз. Маған әрине болашақта бұл кездесудің ақылы TV-да өткізу идеясы маған ұнайды. Бірақ Сергейдің тағы бір қиын кездесуді қаламайтынына сенімдімін. Ковалев менің лагерімде болды және Головкинмен қандай мүмкіндіктері бар екенін біледі. Ол лагерь ауыстырған соң боксының бір де бір компонентін жетілдірмеді, ал бұл Головкиннің қолынан келді. Сондықтан бұл кездесуді өткізу идеясы маған ұнайды. Осы себепті бұл мәселе екі тараптың келісімімен болуы керек және кездесу ұйымдастыру барлығының да пайдасына шешілуі тиіс", - деді Абель Санчес. Оның бұл сөзін "Вконтакте" желісіндегі GGG тобы цитата ретінде келтіріп отыр. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.